20.05.2024, 11:45
Оқылды: 77

Кісі басына 25 келі жем өткізіледі

Халық алдында есеп беру кездесуі Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінде өтті.

48d63183-e7ed-4722-b3ce-37ac5e70c199

Кездесуге аудан әкімі Тимур Шиниязов пен мекеме басшылары қатысты.

b2280177-6291-490f-b0f8-0f46993fcb31

Талов ауылдық округінің әкімі Нұрдәулет Қыдырғалиев биыл бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыс хақында баяндады. Ауыл әкімінің айтуынша, Сарыөзеннен Талов су қоймасына жүретін ескі құбырларды жаңасына ауыстырылған. Құбырлардың жалпы ұзындығы 1538 метрді құрайды. Сонымен қатар «Ақжүрек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Талов – Кіші өзен» жеңілдетілген өткізу пунктіне қақпа, қоршауының белдеуі, стэнд, ит қамайтын орынды стандарттарға сәйкес жұмысты жүргізді.

9b4aa0b9-e452-4c3a-86f6-a51ee92e22b3

Әрмен қарай аудан әкімі Тимур Серікұлы аудан көлемінде атқарылған және атқарылатын жұмысты атап өтті.

Кейін кездесу сұрақ-жауапқа ұласты.

Таловтық Ақмарал Иманбаева өзіне жұмыс сұраса, Сағынай Нұрмұханов қыстың қатты болғанын, мал азығының болмағанын айтты.

С.Нұрмұхановтың айтуынша, биыл тағы мал азығын жинау қиынға соғуы мүмкін. Сол себепті ауданға жем-шөп базасы керек. Асыл тұқымды мал бойынша аудан аясында семинар өткізуді сұрап отыр.

«МирЭль» шаруа қожалығының басшысы Майдан Коняев Кіші өзеннен жемді сатып алып, Қазақстан шекарасына өткізу қиындыққа соғып отыр. Лимит бойынша кісі басына 25 келі жем өткізіледі. Қыс уақытында бала-шағамызды жетектеп, кісі басына сатып аламыз деп барғанмен, ресейлік шекарашылардың заңы күнде өзгере ме, белгісіз, әйтеуір кейде тек бір машинаға 25 келі деп бас салады. Аталған жағдайды реттеп беруді сұрады. Сонымен қатар иесіз жүрген мал Бобров су тоғанынан су ішіп, сол судың ішінде мекендейді. Таловтықтар бұл суды фильтрден өткізіп, тазалап ауыз су ретінде ішіп отыр. Аудан басшысы көтерілген мәселелерді түртіп алып, жұмыстанатынын айтты.

742cc47a-c259-448b-a239-b80582e34e90

Жиын соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселерімен қабылдады.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале