14.01.2020, 10:14
Оқылды: 90

Қазақстан елді мекенінің тұрғындарынан АӘК алу үшін тапсыратын өтінішті арнайы маман келіп қабылдайды

Күн көрісі төмен отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында 2019 жылы Сырым ауданының Талдыбұлақ ауылдық округі бойынша 20 отбасы, соның ішінде Қазақстан елді мекеніндегі 5 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке ие болып, 2 млн. 821 мың теңгенің жәрдемақысын алған. Көмек жүйесіне жаңалықтар енуіне байланысты биыл тұрғындар тарапынан түсетін өтініштердің саны артатыны анық.

dav

dav

-Қазақстан елді мекенінің тұрғындарының жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік алу үшін тапсыратын өтініштерін округтен арнайы маман елді мекенге келіп қабылдасын, - деді Қазақстанда болған есептік кездесуде аналардың жол қиындығына байланысты айтқан өтінішін тыңдаған Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев. Тапсырманы орындау Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Азамат Әбдірашовқа жүктелді.

Азамат Әбдірашев халық алдында Талдыбұлақ ауылдық округінің 2019 жылдағы әлеуметтік-экономикалық аяқалысы туралы баяндама жасады. Есептік кездесуде қазақстандықтар ресми жұмыссыздарды жұмыспен қамту ісі ала-құлалықпен емес, адал жүрсе, әлеуметтік көмек алу кезінде малдың табысы ғана емес, мал ұстаудың шығыны да есептелсе деген тілектерін айтты.

dav

Қазақстан елді мекеніндегі басты екі мәселе – жол және мектептегі бала санының аздығы. Биыл қар жұқа болғасын, ауылға әзірге жол ашық. Бірақ басқа жылдары қаңтардың уақытында Қазақстанның жолында қардан «қамал» тұратын. Жол бітелген жағдайда округ орталығына қосатын жолды аршуға «Бақтияр» шаруа қожалығының техникасы келісімшартқа сай дайын тұр. Былтыр бастауышқа айналған мектепте 12 бала білім алып, 12-сі шағын орталықта тәрбиеленуде. Мектепке бастауыш сынып мұғалімі жетіспейді.

Ауыл көшелеріне жарықшамдар орнату, Талдыбұлақта дәріхана ұйымдастыру, фельдшерлік-амбулаторлық пункттің «Жедел жәрдем» көлігін жаңалау туралы ұсыныстар назарға алынды.

Жиналысқа облыс әкімінің Сырым ауданындағы өкілі Есберген Әжібаев, облыстық мәслихаттың депутаты Ғанимат Нұрмұханов қатысты.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале