2.10.2020, 9:02
Оқылды: 77

ҚМДБ-ның БҚО өкілдігі марафон ұйымдастырды

Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай Батыс Қазақстан облысы өкілдігі "30 жылдыққа 30 шақырым" атты марафон ұйымдастырды.

IMG-20201001-WA0233

Марафонға әр салада қызмет ететін азаматтар қатысқан болатын.
Бір қуантарлығы, қатысушылардың дені – сырымдықтар.
- Аталмыш марафонға салауатты өмір салтын өзіне серік еткен, Ж.Молдабеков, Б.Сабралиев, А.Жоламанов, А.Көлжанов, А.Махметов, С.Ихласов, Б.Мәліков, Қ.Төлепов, Е.Амандықов, А.Төребеков, Е.Чукуров, Е.Жұмағужиев, Н.Бекежан секілді азамат жігіттер қатысты. Бұл марафонның ерекшелігі, өзгелері сияқты жарысу емес, тек бой сергітіп, облыс марафоншыларының басын қосу болды, - дейді Бақытжан Құралбайұлы.
Марафонның межесіне спортқа деген махаббат пен бұқаралық спортты дамытуда тамшыдай болса да үлес қоспақ ниеттегі азаматтарға облыстың өкіл имамы Мұратбек Қыстаубаев "Құран Кәрім" табыс етті.

 

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале