Бүгін Шыңғырлау ауданына Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Бибігүл Қонысбаева мен «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Гаухар Шайхиниязова келді. Бұл жолы халық қалаулылары Ақтау ауылы тұрғындарының базынасын тыңдады.
Қоғамдық қабылдауға келгендер жұмысқа орналасу, мүмкіндігі шектеулі жанның күтіміне орай алынатын төлемақыны көбейту, ауылдағы интернет желісін жетілдіру, тіпті санаторийге бару секілді мәселелерді де алға тартты.
Халықтың мұң-мұқтажына құлақ түріп тыңдаған халық қалаулылары көтерілген мәселелер тікелей бақылауға алынып, жерде қалмасына сенім білдірді.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz