6.03.2017, 11:13
Оқылды: 67

Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы

Жәнібек ауданының Тау ауылында Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайтадан бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін және халыққа арнаған биылғы Жолдауын талқылап, саралау мақсатында аудандық қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті.


Жиынға ауылдық округ әкімдері, округтегі қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, жастар, үкіметтік емес ұйымдар, медиаторлар қатысты.

Кеңес отырысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, Тау ауылдық округінің әкімі Кенжебек Еркеғұлов, осы округ бойынша қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Төлебай Әзберген және аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Нұралиев үстіміздегі жылғы Елбасының Үндеуі мен Жолдауын сабақтастыра отырып, отбасы құндылығы, ұжымдағы ынтымақ пен келісім, азаматтық ұстаным негізінде елімізде бірегейлікті нығайту және дамыту, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру, жергілікті жерлерде қайырымдылық, медиация және қоғамдық бақылауды жетілдірудің түйінді мәселелерін баяндады.

Басқосу барысында көпшілік тарапынан туындаған сауалдарға тұшымды жауаптар қайтарылды.

                                                                        Н.Жапақов

Жәнібек ауданы

                                                                        zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале