22.04.2022, 11:15
Оқылды: 89

Қоғамдық кеңес отырыс өтті

Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева қатысты. Жиналысқа қоғамдық кеңес төрағасы Асхат Дүйсенғалиев төрағалық етті.

1

Күн тәртібіне қойылған мәселеге орай аудан әкімі Төлеген Төреғалиев баяндама жасап, 2021 жыл көлемінде атқарылған жұмыстарды таныстырды.

2021 жылғы аудан бюджеті кірісінің көлемі 5 млрд. 728,7 млн. теңгеге жоспарланған болса, 5 млрд. 801 миллион теңгеге орындалды. Соның ішінде өзіндік кірістер 640,3 млн. теңге көлемінде жоспарланып, нақты аудандық бюджетке 712,9  млн. теңге түсті. Бюджеттің шығыс бөлігі 5 млрд. 693,4 млн. теңгеге немесе 99,4 пайызға игерілді. 2021 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға ауылшаруашылығы саласының қаржылық несие ұйымдары арқылы  несие мен мал шаруашылығын дамытуға субсидия 757,2 млн. (440,4 млн. мал шаруашылығына төленген субсидия, 316,8 млн. теңге несие арқылы асыл тұқымды мал сатып алынды) теңге көлемінде берілсе, техника алуға шаруашылықтардан 609,3 млн. теңге қаражат жұмсалып мемлекет тарапынан 148,3 млн. теңге инвестсубсидия төленді.

2

Аудан бойынша жалпы алаңы 5494 шаршы метр, яғни 43 жеке тұрғын үй құрылысы жалпы соммасы 367,09 млн. теңгеге салынып, қабылданды. 2020 жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға артқанын байқаймыз. Сонымен қатар алаңы 19500 шаршы метр болатын 18 жеке өндірістік қоғамдық ғимарат бой көтерді. Жымпиты ауылында жаяу жүргіншілер жолын жасақтау жұмыстары шеңберінде Сүйірбаев - С.Датов көшесі, Асадуллин-С.Датов көшесі және Мұхит, Қажымұқан көшелерінде барлығы 1,4 км жаяу жүргіншілер жолы жасақталды.

Аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиеваның аудандық мәслихат жұмыс туралы есебі тыңдалды. 2021 жылы 13 аудандық мәслихат сессиясы өтіп, онда 101 мәселе қаралды. Оның ішінде 24-і нормативтік құқықтық акті, яғни мемлекеттік тіркеуден өткен. Былтыр мәслихаттың 3 тұрақты комиссиясында өңірдің өзекті мәселелері талқыланды. Депутаттардың партиялық фракциясы аудандағы құрылыстардың жайын бақылап отырды. Аудандық мәслихвт депутаттары 110 жеке қабылдауда 163 азаматты қабылдады.

3

Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Асхат Дүйсенғалиев баяндамасында аудандық Қоғамдық кеңестің құрамында 15 мүше, 5 адамнан сайланған төралқа және 4 тұрақты комиссия жұмыс жасайтынын айтты. 2021 жылы аудандық Қоғамдық кеңесте өткен жылы 4 рет кеңейтілген отырыс, 10 рет төралқа отырысы өткізілді. Барлығы 24 мәселе қаралып, тиісті шешім қабылданды.

Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале