13.10.2022, 19:08
Оқылды: 54

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Рухолла Саматовтың төрағалығымен аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қажиев, аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, аудандық құрылымдық дербес бөлім басшылары қатысты.

IMG_1713

Күн тәртібіне қойылған мәселелерге сәйкес алдымен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі басшысы Светлана Бекқалиева бөлімнің атқарған жұмысына және алдағы міндеттерге жеке-жеке тоқталды. Мұнан соң аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғали Ғаббасов хабарлама жасады. Одан әрі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Дәурен Мерешов орталықтың атқарған жұмыстарын атап өтті. Кейін аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Есен Бекболатов «Жаңақала ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашлығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға беру) құқығын беру жөніндегі конкурсқа ұсынылған 1 жер учаскесі жалпы көлемі 500 гектар жер учаскесіне келісім беру туралы» баяндама жасады. Содан соң аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) және құқықтық жұмыстары бөлімінің бас маман-заңгері Н.Тасмағамбетова «Жаңақала ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күшін жою деп тану туралы» хабарлады. Келесі мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Г.Насибуллина «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы», «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» мәлімдеді. Соңғы мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Н.Тілекқабылов «Жаңақала ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» сөз сабақтады.

Райхан Амантайқызы,
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале