8.09.2025, 16:26
Оқылды: 228

Қоғамның дамуында еңбек адамының үлесі зор

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Жолдауында жұмысшы мамандықтарына құрметті арттыра түсуіміз керектігін атап өтті. Бұл – қоғам үшін аса маңызды үндеу. Себебі қарапайым еңбек адамдарының маңдай терімен елдің экономикасы дамып, халықтың тұрмысы жақсарады.

WhatsApp Image 2025-09-08 at 13.02.06

Фото: t.me/aqorda_resmi

Қоғамның дамуы тек ғылым мен технологияға ғана емес, сонымен қатар еңбек адамдарының қажырлы еңбегіне де байланысты.

Қарапайым жұмысшы – ел экономикасының тірегі. Құрылысшысыз баспана салынбайды, дәнекерлеушісіз өндіріс жүрмейді, ауыл шаруашылығы жұмысшысынсыз дастарқан толмайды. Сондықтан жұмысшы мамандықтарының қадір-қасиетін көтеру – елдің дамуына қосылған зор үлес.

Осыған байланысты алдағы жылы да еңбек адамдарын ұлықтау, олардың қоғамдағы орны мен еңбегін бағалауға арналған жобамды жалғастыруды жоспарлап отырмын. Бұл бастама жастарды еңбекқорлыққа тәрбиелеуге, жұмысшы мамандықтарының абыройын арттыруға үлес қосатынына сенімдімін.

Хабибуллина Нурия Самиғоллақызы - аудандық әжелер алқасының төрайымы:

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале