21.05.2024, 22:30
Оқылды: 15

Қоғамның өзекті дерті сахналанды

Бәйтерек ауданы орталығындағы «Шың» сазды драма театрында "Тегімді менің сұрама" қойылымының тұсаукесері өтті.

IMG_20240521_203447_548

Бәйтерек ауданының 85 және аталмыш театрдың 5 жылдығы аясында сахналанған моноспектакль қаламгер Айзат Рақыштың пьесасы желісінде дайындалған.

IMG_20240521_203505_127
Қойылымның бас кейіпкері Әмір (Кенесары Болғанбаев) арқылы жиналған жұртшылық қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналған жасанды ұрықтандырудың қаупі қандай екенін көріп, сезінгендей болды. Бұл бағытта саханадағы жас актерлардың (Бекзат Васихан, Мержан Бейбітұлы) ойыны да көпшіліктің көңілінен шықты.

IMG_20240521_203514_410
- Тағдыры ауыр кейіпкер арқылы өмір шындығын көрдік. Оған бей-жай қарау мүмкін емес. Біле білгенге мұнда көп сыр жатыр. Қазақта "Ұлың бөтен үйден тойып тамақ жемесін, қызың бөтен үйге қонбасын" деген сөз бар. Ол дегенміз қызың басқа біреуден пана іздемесін, ұлың оқып-тоқығанын өз елінде пайдаға асырсын дегенді білдірсе керек. Ал бұл бағытта үшін ата-ананың берер тәлім-тәрбиесі мол. Өзінің жасанды ұрықтан пайда болғанын, әкесінің жоқтығын естіп қайғы-қасіретке түскен кейіпкердің «ащы судан» жұбаныш іздеуі де біздің қоғам дертінің бірі екені рас. Осынау келеңісіздіктерді көрсете білген, аулақ болуға шақырған актерларға, жалып театр ұжымына ризашылығымды білдіремін,- деп қойылымнан алған әсерімен бөліскен аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев аудан әкімінің алғыс хаты мен ықылас гүлін табыстады.
- Алғаш рет моноспектакльде ойнадым. Қиын болғаны рас. Қолдан жасалынған зар, қайғыға орай адамның ішкі жандүниесіндегі қайшылықты, эмоционалдық шиленісті көрсету оңай болған жоқ. Қолымыздан келгенінше барымызды салып ойнадық. Еңбегіміз жиналған жұртшылықтың көңілінен шыққан сияқты,- дейді актері Кенесары Болғанбаев.

Салтанат Зұлқарнаева,
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале