8.09.2022, 11:45
Оқылды: 45

Қойылған міндеттер іспен дәленденсе

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа кезекті жолдауын арнады. Әртүрлі әлуметтік маңызды мәселелердің шешу жолдары ұсынылып, «Балалар жылы» аясында кәмелеттік жасқа жеткенше мемлекет тарапынан есеп-шоттарына қаржы түсіп отыратындығы, ол қаражатты 18-жасқа толған соң тұрғын үйге немесе білім алуға жұмсауға болатындығы айтылды. Бұл жоба жүзеге асырылса, көптеген отбасыларымызға зор көмек болары сөзсіз.

10

Сонымен қатар, Президент кадрлық резервті нығайту қажеттігін атап өтті.​ Жастарға 100 мыңға жуық жұмыс орны ашылатынын, қарапайым еңбек адамының кәсіппен айналысуы үлгі болу керектігін алға тартты. Өйткені, жастар арасындағы лайықты жұмыс және тұрғын үй мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселелер. «Жастар - елдің жарқын болашағы» деп бос ұрандата беруден нәтижелі, нақты іске көшу керектігін ашып айтты.

Жалпы, халықтың көкейінде жүрген көптеген түйткілді мәселелер айтылды. Өз тарапымнан, барлық қойылған міндеттер іспен дәлелденсе, соған жұмыла жұмыс жасасақ деген ой түйдім.

Аман Байғали,

Намыс қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале