26.01.2022, 9:40
Оқылды: 87

Көк бөрі көптің мазасын қашырды

Өткен жылдың ауа райы қолайлы қалыптасуына байланысты өңірімізде шөп шығымы жақсы болды. Нәтижесінде ірілі-ұсақты шаруа қожалықтары ірілі-ұсақты шаруа қожалықтары 216,7 мың тонна (133,8%) мал азығын дайындап алды. Әрі алдыңғы қыстан қалған 5,4 мың тонна пішен және бар. Бұл былтырғы жыл қорытындысы бойынша есепке алынған 20 елді мекен мен 551 шаруа қожалығындағы 104 283 шартты мал басына толық жетеді. Оның үстіне құм өңірінде әлі күнге мал жайылыста жүр.

IMG-20220126-WA0002

Мал қыстағының өту барысын қадағалау және үйлестіру жөнінде құрылған арнайы штаб округ әкімдерімен тығыз байланыс ұстап, аптасына бір рет облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ақпарат беріп отыр. Тасымалды қажет ететін қыстақтар мен жем-шөбі түгесіле келген жекелеген тұрғындар жайлы әзірше мәлімет жоқ. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер қапшығын (30 келі) 3500-3800 теңгеден қыс бойы үздіксіз жем сатуды ұйымдастырып келеді.

Табиғат-ана аяқ астынан тосын мінез танытып, қыс соңы ұзап кетіп жатса, әр округ аумағында қосымша жасақталған қорымыз да бар. Ол жерлерде барлығы 3800 орама шөп (рулон) үюлі тұр. Мұның бәрі ірі шаруа қожалықтары жетекшілерінің көмегінің арқасы, ортақ іске түсіністікпен қараған олардың үлкен-кішісіне айтарымыз – алғыс. Ел ерімен еңселі ғой.

Енді бір мәселе – түз тағысына байланысты. Көк бөрі сол баяғыша көптің мазасын қашырып, соңғы күндері жергілікті жұрттың өрістегі малына ауыз сала бастады.

1571563231_74510274_927466000973527_4908726905806520320_n

Біз тілдескен кейбір жандар «жаманауыз» үй іргесіне дейін келіп, қора маңын торуылдай бастағандығына алаңдаушылықтарын білдірді. Сондықтан құзырлы құрылымдар шұғыл әрекетке көшсе деген тілек бар.

Сүйінбек Хайроллин, 

Бөкей ордасы аудандық ауыл  шаруашылығы бөлімінің басшысы

Фотосурет: qarmaqshy-tany.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале