5.02.2024, 16:45
Оқылды: 133

Көкпар тартты

 

Жексенбілік демалыс кезінде Шыңғырлау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, Шыңғырлау спорт клубы ұйымдастыруымен «Жер көкпар» бойынша аудандық жолдастық кездесу өтті.

WhatsApp Image 2024-02-05 at 11.52.51

Жарысқа аудан шабандоздарынан жасақталған «ХПП», «Торыатбас», «Ақбұлақ», «Жаңакүш» командалары қатысты.

Тартысты ойын нәтижесінде «Ақбұлақ» І, «Торыатбас» ІІ, «Жаңакүш» командасы ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаз «Ақбұлақ» командасының жаттықтырушысы - Бекболат Файзуллин атанды. Бұл команданың жанкүйерлері керемет қолдау көрсетті.

Жүлдегерлерді бөлім басшысы Олжас Сейтімов пен Шыңғырлау спорт клубы директоры Жұбаныш Түймешов марапаттады.

 

Әсел Әлімқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале