8.03.2023, 5:48
Оқылды: 183

«Көктемгі көркем мереке»

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Теректі аудандық мәдениет үйінде «Көктемгі көркем мереке» атты мерекелік концерт өтті.

IMG-20230307-WA0111

IMG-20230307-WA0110

IMG-20230307-WA0116

IMG-20230307-WA0115

 

IMG-20230307-WA0117

Мәдени-демалыс орталығы өнерпаздарының әзілі жарасқан қойылымымен шымылдығы ашылған жиында аудан әкімі Тілек Габдушев сөз сөйлеп, теректілік арулар мен ханымдарға жылы лебізін арнады. Содан кейін 6 баланы дүниеге әкеліп, бағып-қағып отырған көпбалалы ана Базаркүл Лекероваға «Күміс алқа» төсбелгісін табыстады. «Еңбек жолы -2022» республикалық байқауына қатысып, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясын жеңіп алған үлгілі «Жұлдыз» би ансамблінің жетекшісі Жанар Тайшыбаева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың атынан дипломмен марапатталды.

IMG-20230307-WA0123

Аудан әкімі Тілек Александрұлының алғысхатына лайықты атанғандар қатарында аудандық мәслихаттың хатшысы Гүлбара Айтқалиева, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының психолог маманы Гүлім Демеутова, ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын жасайтын Разия Дүйсенғалиева, аудандық полиция бөлімінің қызметкері Анар Казиканова, мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің хатшысы Қарлығаш Курамшина мен осы бөлімнің бас маманы Әсем Масалиева, «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» газетінің І санатты тілшісі Балнұр Қанаева, аудандық аурухананың медбикесі Балауса Маселова, халықтық «Шежіре» әжелер ансамблінің мүшесі Сәуле Мұқанова, ішкі саясат бөлімінің іс жүргізушісі Қорлан Саламатова,  жер қатынастары бөлімінің хатшысы Бибігүл Туралиева және жұмыспен қамту орталығының маманы Анаргүл Төремұратова болды.

IMG-20230307-WA0121

 

IMG-20230307-WA0109

 

IMG-20230307-WA0124

 

IMG-20230307-WA0127

 

IMG-20230307-WA0120

 

IMG-20230307-WA0126

 

IMG-20230307-WA0122

Марапаттау сәті аяқталған соң, мәдениет үйінің өнерпаздары мен үлгілі «Өркен» балалар вокалды ансамблі әсем әнді әуелетіп, үлгілі «Жұлдыз» би ансамблінің мың бұралған бишілері би билеп, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Әсіресе, «Ақбота» бөбекжайының бүлдіршіндері әкелерімен бірге билегенде, тебіренбеген жан қалмады. Бір деммен өткен концертті тамашалауға жиналғандардың көптігін залда орын болмағанынан байқадық.

 

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале