6.03.2023, 22:24
Оқылды: 45

Көктеммен келген жарқын жүздесу

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Дамир Ғұмаровтың төрағалығымен мүгедектігі бар нәзік жандылармен кездесу өтті. Аталмыш шараны аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастарды.

IMG-20230306-WA0059

Басқосу барысында  Дамир Сансызбайұлы:

-Барша аналарды шуақты мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман болсын, — деп ақ тілегін арнады. Сонымен қатар әсем гүлмен естелік сыйлық тарту етті.

IMG-20230306-WA0058

Салтанатты жиын соңында қатысушалар өздерін толғандарып жүрген сауалдарын да қойды. Мәселен,  Сарыөмір ауылынан келген Сұлушаш Саниева шипажайға жолдама алу жайын, Абай ауылының тұрғыны  Гүлмира Өтеғалиева аяғына ота жасату мақсатында қандай жеңілдік барын сұрады.

IMG-20230306-WA0054

Бұл орайда  аудандық орталық ауруханасының басшысы Дархан Хайрушев тексеріп, жауап беретіндігін айтса,  ал жолдама алу жөнінде  аталмыш бөлімнің сектор меңгерушісі Алима Лұқпанова түсіндіріп берді. Сондай-ақ, жаңаөмірлік

Жанна Мұхамедиярова кәсіп бастауға жер сұраса, покатиловтық  Алмагүл Тастемірова тұрақты жұмыс  болса дейді.  Сан сауалмен  танысқан аудан әкімінің орынбасары Дамир Сансызбайұлы қолдау көрсететінін тілге тиек етті.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале