14.05.2023, 19:16
Оқылды: 101

Көктеректе ауыл күні тойланды

12-13 мамыр күндері ауданымызға қарасты Көктерек ауылдық округінің орталығында халық ауыл күнін тойлады. Ауыл күніне орай жоспарланған іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл тұрғындары мен қонақтары тарихи өлкетану музейімен танысып, көктеректік өнерпаздар әзірлеген мерекелік кештің және ат дүбірі естілген бәйгенің куәсі болды. Көктерек ауыл күніне аудан әкімінің орынбасарлары  Қадер Нұрғалиев пен Зәйлім Мажитова қатысты.

FB_IMG_1684061562243 (1)

12 мамыр күні ауыл тұрғындары мен қонақтарына ауылдағы тарихи өлкетану музейінің жұмысы мен ауыл тарихы таныстырылды. Содан соң ауыл орталығындағы түлектер тарту еткен саябақта көктеректік өнерпаздар жырдан шашу шашып, әуезді әндері, ырғақты билерімен көпшілікті тәнті етті. 13 мамыр күні қуанышқа жиналған халық аламан бәйге мен ұлттық ойындардың куәсі болды.

FB_IMG_1684061603102

Тартысты өткен бәйгеде «Тай жарысында» базаршоландық шабандоз Ершат Нариман бас жүлдеге ие болса, жәнібектік Абдул ІІ орын, ынтымақтық Ислам Алабасов ІІІ орынға ие болып, үздік төрттікті көктеректік Ералы Нұрболат түйіндеді. «Құнан бәйгеде» ақпәтерлік шабандоз Ершат Омарғалиевтің бағы жанып, сәйгүлігі оза шауып, бас жүлдені қанжығаға байласа, жәнібектік Абдул жүлделі ІІ орын, ақжайықтық Ержігіт Жайықбай жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ал, атыраулық шабандоз Айсұлтан есімді бауырымыз мәре сызығына төртінші болып жетіп 30 мың теңгені қанағат тұтты. 12 шақырымдық «Топ бәйгеде» Оралдық Усан Еркеш есімді шабандоз бас жүлде 400 мың теңгеге ие болса, теректілік Ермек Бауыржан ІІ орын, сырымдық шабандоз Айсұлтан ІІІ орынға ие болды. 21 шақырымдық «Аламан бәйгеде» атыраулық шабандоз Бақытжан бас жүлдені қанжығаға байласа, көктеректік шабандоз Ершат Омарғалиев екінші, атыраулық Расул Дүйсеков үшінші, бөкейордалық шабандоз Әлішер төртінші болып мәреге жетті.

FB_IMG_1684061593047

Ауыл күнінде «Қазақ күресі», «Қой көтеру», «Арқан тартыс» сынды ұйымдастырылды. Қуанышқа ортақтасқан ағайын білек күшін де сынап, өзара мықтыны анықтады. Дәлірек айтар болсақ, «Қазақ күресінен» көктеректік Сержан Лұқпанов «Өгіз палуан» атанса, ақпәтерлік Еркебұлан Нығмет ІІ орын, Армат Даумов ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, қазақ күресінде көктеректік Бегайдар Меңдешов «Түйе палуан» атанып, ақсайлық Теміржан Көкбай ІІ орынға, бөрлілік Замир Хамзин ІІІ орынға тұрақтады. Ал, «Қой көтеруде» Ертарғын Жұмағалиев бас жүлдеге ие болды. «Арқан тартыста» ерлер арасында Бостандық ауылы І орын, Көктерек ауылының командалары ІІ және ІІІ орынға ие болса, әйелдер арасында Жалпақтал ауылының командасы бас жүлдеге ие болып, Оразғали ауылы ІІ орын, Жұлдыз ауылы ІІІ орынға ие болды.

FB_IMG_1684061579540

Көктеректегі ауыл күніне қатысқан аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы мен Көктерек ауылдық округінің әкімі Бақытжан Есенғалиев ауыл халқын айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ауылдағы қуаныш тойына жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалық жетекшілері, ауыл азаматтары қолдау көрсетіп, жарысқа қатысушылар арнайы дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

FB_IMG_1684061584102

WhatsApp Image 2023-05-14 at 17.15.00

 

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале