30.08.2024, 15:43
Оқылды: 162

Қоқыс тастау мәдениетін қашан меңгереміз?

"Таза Қазақстан" акциясы аясында Переметный ауылында қоқыс алаңын бақылау жұмыстары жүрді. Оған Бәйтерек  ауданының қоғамдық кеңес мүшелері мен Переметный ауылдық округі әкімі аппаратының өкілдері қатысты.

IMG-20240830-WA0076

- Қоқыс қалдықтары – қоршаған ортаны ластайтын көздердің бірі. Сол қоқысты дұрыс төкпеу – белең алып отырған мәселе. Осы бағытта өткен айда жергілікті қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен 7 тұрғынға хаттама толтырылды. Олар қоқыс жәшігінің айналасына құрылыс заттары мен тұрмыстық техникаларды тастаған. Сондай-ақ Гагарин, Жеңіс, Бейбітшілік көшесіндегі дүкендер қызметкерлері азық-түлік қалдықтарын қоқыс контейнеріне салған. Қазіргі уақытта Переметный және Калинин ауылдарында 270-ке жуық қоқыс контейнерлері орнатылған. Бірақ кейбір тұрғындар ол қоқыс жәшіктеріне әлі күнге дейін тұрмыстық қалдықтар мен бірге мал қиларын, құрылыс материалдарын салып жатады. Алдағы уақытта осы мәселені шешу үшін қоқыс алаңына бейнебақылау камераларын орнату жоспарда бар. Осы орайда мамандарымыз тұрғындарға қоқыс контейнерлеріне не салыну керектігі туралы бейнежазбалар таратты. Қоқыс мәселесі бойынша ауылдастарға тұрақты түрде түрлі жиналыстарда және ватсап желісі арқылы да айтылуда. Десе де тұрғындар көп жағдайда қоқыс алаңы (свалка) мен қоқыс контейнерін шатастырады. Қоқыс алаңына құрылыс материалдарының қалдықтарын, мал қиларын, арам шөптерді тастауға рұқсат. Қоқыс алаңын тазарту бойынша конкурс жарияланды. Алайда бұл бағытта мердігер табылмай жатыр. Себебі оған шынжыр табанды техникалар қажет. Ал, қоқыс контейнерлерін тазартып тұруға аудан бойынша "Орал Таза Сервис" ЖШС жауапты. Өкінішке орай, тұрғындардың 61%-ы ғана ақшасын төлеп отыр. Бұл қаржы мердігердің шығынын өтемейді,- дейді Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары Мәулет Мұхтаров.

IMG-20240830-WA0074

«ҚР әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» кодексінің 505-бабына сәйкес қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бойынша ауданымызда бірқатар мәселелер белең алып отыр. Аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Бауржан Сопығалиевтің сөзіне қарағанда,

биыл аудан бойынша жеке тұлғаларға қатысты 289 әкімшілік хаттама толтырылды (Переметный ауылдық округінде - 43 әкімшілік хаттама). Оның ішінде 7 азаматқа 10 АЕК көлемінде айыппұл салынса, 281 тұрғынға ескерту жасалды. Сондай-ақ аталмыш кодекстің 434-2-бабына сәйкес жалпы пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластағаны үшін және коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген жерлерде шығарғаны үшін аудан бойынша 132 әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Соның ішінде Переметный ауылдық округінің аумағында 43 әкімшілік хаттама жасалып, ескерту түрінде жаза қолданылды.

Салтанат Зұлқарнаева, 

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале