11.04.2023, 12:16
Оқылды: 40

Қоқыс жинып, тал екті

Өткен Жәнібек ауданындағы актив отырысында қозғалған, оған дейін қарапайым тұрғыннан бастап шенділерге дейін алаңдап келген түйткілдердің бірі - қоқыс.

0c4d9195-8810-4e52-820b-64f062e3fae6

Ауданның жылан жалағандай таза болғаны сіз бен біздің қуанышымыз. Бүгін осы жайттарды елеген һәм ескерген мекеме қызметкерлері жұдырықтай жұмылды.

Әр ұжым саябақтар мен көшелерге бөлініп, тазалық жұмыстарына кірісті. Таң атқаннан қолдарына арнайы қолғап киіп, күректерін ұстап аудан айнадай болуы үшін кіріскен олар түлектер, орталық саябақтарын қураған жапырақтардан тазалап, теректерді әктеді.

Ол аз десеңіздер, «Жәнібек» бөбекжайы жанындағы саябаққа 50 түп терек, барлық сенбілік өткен саябақтарға 400 түп қара терек егілді. Сөз «сөз» күйінде қалмай, іске ұласты.

337ee313-37fc-47dd-bf1e-e8417a6b7501

Ендігі кезекте осындай еңбекке құрметпен қарау тұрғындардың еншісінде.

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале