22.02.2024, 15:15
Оқылды: 7

Қол күресі жарысынан жүлделі оралды

Жуырда Казталов ауданында 2008-2006 жылы туған (ұлдар және қыздар) жастар арасында қол күресінен БҚО Чемпионаты өтті.

Қол күресінен жүлделі (1)

Аталмыш чемпионатта Жаңақала ауданы Көпжасар ауылының  спортшысы, Азия кубогі чемпионатының қола жүлдегері, БҚО жеңімпазы, ҚР спорт шеберлігіне үміткер Нұрсана Шакрикова күміс жүлдеге ие болып, Тараз қаласында өтетін ҚР Чемпионатына  жолдама алды.

Қол күресінен жүлделі (2)

Жаттықтырушысы Жаңақала аудандық спорт мектебінің қол күресі жаттықтырушы Ертілек Жеңісов. Сонымен қатар қол күресінен Бөкей Орда ауданы Сайхын ауылында Қазақстан Республикасы чемпионатына іріктеу басталған болатын. 2009-2011 жылғы туған жасөспірімдер арасында тағы бір шәкіртіміз Айда Аманғали 45 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, 3 наурыз күні Таразда өтетін ҚР Чемпионатының жолдамасына ие болды. 50 келі салмақ дәрежесінде Аружан Семғали қола жүлдені иеленді.

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале