4.02.2023, 12:56
Оқылды: 39

Қол күресінен облыстық чемпионат өтуде

Бүгін Жаңақала ауданында Батыс Қазақстан облысыныңдене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жаңақала ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінеқарасты аудандық «Jastar» спорт клубының және балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен қол күресінен жас жеткіншектер мен жастар және қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтуде.

7B7673D1-166B-4907-A80F-CD11071B2899

Алдымен сайыстың ашылу салтанаты өтіп, әнұранымыз шырқалды. Жаңақала өлкесінде өтіп жатырған облыстық қол күресі жарысына аудан әкімінің орынбасарыАқнұрлы Еслямғалиева, БҚО гір спорты және қол күресі федерациясының президенті, қол күресінен ҚР Еңбексіңірген жаттықтырушысы Мұрат Ибатов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жайсан Есекенов, «Jastar» спорт клубының директоры Жанболат Гумаров қатысып, жарыстың ашылу салтанатымен құттықтау сөз сөйледі.

E5A4D527-FEBD-492E-B78A-51D187D8F7E4

Сондай-ақ М.Қолқанатұлына аудан әкімі Дархан Закариннің атынан алғысхат табысталды. Одан соң аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әнмен әрлеп, бимен сәндеп жарыстың ашылу салтанатын аяқтады. Бұл сайысқа Қаратөбе, Сырым, Жәнібек, Ақжайық, Теректі, Казталовка, Бәйтерек, Шыңғырлау, Жаңақала аудандарының және Орал қаласының білекті де жүректі спортшылары қатысып, бақ сынауда. Тартысты бәсекенің нәтижесін газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Нұргүл Елтайқызы, 

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале