Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Алтын шуақ» ҚБ жетекшісі С.Ашықбаевтың бастамасымен қол күресінен жарыс өтті. Спорттық шараның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғаммен араластырып, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысқа ауылдық округтерден тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру және есту қабілеті төмен алты адам қатысты. Оларға Теректі спорт кешені қызметкері Ө.Мүбарак төрелік етті.
Жарыс нәтежиесінде тірек-қимыл аппараты зақымданған жандар арасынан жүлделі бірінші орынды С.Айтханов (Шағатай а.о), екінші орын А.Қабекенов (Жайық ауылы ), үшінші орынды ақсуаттық Ә.Айтқалиев иеленді.
Көру және есту қабілеті төмен жандар арасынан И.Бекетов (Федоровка а.о) бірінші орынды, Ж.Ғалиев (Федоровка а.о) екінші орынды, ал үшінші орынды А.Хамидуллиев (Ақсуат а.о) қанжығасына байлады.
Барлық қатысушыларға алғысхат пен бағалы сыйлықтар табысталды.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz