Жуырда Орал қаласында жерлесіміз, ҚР чемпионатының күміс жүлдегері Адият Бапиевті еске алуға арналған волейболдан 40 жастан жоғары ардагерлер арасында облыстық турнир өтті.

Ауданымыздың атынан 40 жастан асқан екі ойыншы, 45 жастан жоғары төрт ойыншыдан құралған ардагерлер командасы қатысқан болатын.
Турнир барысында керемет ойын өрнегін көрсеткен әуедопшыларымыз нәтижесінде қола жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар турнирде «Үздік шабуылшы» аталымына Алмат Қаратев ие болды.
Жарысқа қатысушы ардагерлерге алғыс хат пен диплом табыс етілді.
Лаура Халина,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz