Жәнібек аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Қолайсыз отбасы болмайды...» атауымен шара өтті.
Шараға Ұзынкөл ауылдық округінен Кәрімғалиев, Тау ауылдық округінен Айтжанов, аудан орталығынан Халенов, Қуанәлиев, Ибатов, Сарсетов, Құсайынов, Рысқалиев, Бейсенов, Малаев, Дишеновтер отбасы және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың, ақсақалдар кеңесінің, «Аталар өсиеті» мектебінің, Т.Жароков атындағы орта мектебінің, №1 мектеп-лицейінің және А.Оразбаева атындағы негізгі мектебі директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
«Oтбaсы – бәріміздің жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Адам баласының өсіп, өнетін алтын ұясы. Cыйластық, жарастық орнаған орта кішкентай ғана – Отан. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік қасиеттерінің белгілері отбасында қалыптасады. Барлығымызға белгілі – әлемдегі біздің ең шынайы байлығымыз – ол, әрине, біздің отбасымыз. Тек қана отбасы бізге күш пен өзімізге деген сенімділік береді, өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге көмектеседі, ұлттық құндылыққа баулиды. Бір сөзбен айтқанда, отбасы — барлық рөлдері бөлініп қойылған қоғамның шағын моделі», - деді «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уәлиев.
Аталмыш шараға шақырылған қонақтар отбасы құндылығы, бала тәрбиесі, ата-анаға құрмет, отбасындағы әртүрлі жағдайлардың шешімі мен бастарынан өткізген қызыққа толы сәттерімен бөлісіп, алдағы уақытта шара жалғасын тапса деген игі тілектерін жеткізді.
Айта кетейік, жәнібектік Қанат пен Майгүл Оспановтар отбасы мерекелік шараға демеушілік жасап, қатысушы ана-әжелерге раушан гүлдерін сыйға тартты.
Лаура Халина,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz