14.06.2021, 18:11
Оқылды: 60

Қолқаны қапқан көк түтін басылғандай

Бәйтерек аудандық "Ауыл тынысы" газеті редакциясына ауыл тұрғындары келіп, Переметный ауылы сыртындағы көң-қоқыс полигоны өртенген кезде көшеге шығу мүмкін болмай қалатын айтып, шағымданды. Әсіресе М.Әуезов, Шәкәрім Құдайбердиев, Ростошинская, Алматинская көшесінің тұрғындары қатты қиналатын көрінеді.

001CF9B7-C181-42F0-9C71-2811C842D817

Расымен де ауыл ішін көк түтін басып, қолқаны қапқан иістен кей тұрғындардың басы да ауырады. Тіпті балалар ойын алаңына дейін жететін түтін иісі бүлдіршіндерге зардабы тие ме деп қорыққан ағайын да бар.

Соңғы аптада болған жауын өртті сөндіріп, ел аздап болса тынышталды. Өзінен-өзі жатқан қоқыс полигоны не себепті өртенгені туралы ел арасында алып-қашпа әңгіме де көбейді. Біреулер полигонды қара метал іздеушілер өртеді деген уәждерін айтса, енді біреулер қоқыс тасушы көліктерге оңай болсын деп әкімдік от салды дегенді де айтып жатты. Елді шулатқан жайттың анық-қанығын білмек ниетпен Переметный ауылдық округінің әкімдігіне жолықтық.

Ауыл әкімі Рафик қадыровтың сөзінше, өрт ай басындағы аптап ыстық кезінде өздіген пайда болыпты. Тіпті ел айтқан металл іздеушілермен де сөйлесіп, жауап алған ауылнай өрт қасақана қойылды деген сөздің қауесет екенін ескертті.

-Переметный-Белес тас жолы іргесінде орналасқан қоқыс палигоны көк түтінге оранып, елдің мазасын алғаны бізді де алаңдатты. Жалын пайда болған күннен бастап, отты бақылап отырдық. Қоқыс кезген тұрғындарды да тілге тартып, тексеріс жүргіздік. Сондықтан жалын аптап ыстық салдарынан пайда болғанын толық сеніммен айта аламын,- дейді ауыл әкімі Р.Қадыров.

Осы күні өрт толығымен сөнді. Қатты нөсер мен әкімдіктің қадағалауы арқасында тілсіз жау далаға жайылып үлгермеді. Енді бұл жайт қайталанбайды деген үміттеміз.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале