Бүгін Жаңақала колледжінде кадрларды даярлаудың сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында «Колледж – жұмыс беруші» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Аталған шараға аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалының басшысы Гарип Асханбаев, Жаңақала ауылдық округ әкімі Ақан Қапанов, аудандық электр торабының бас инженері Жансейіт Татенов, «Қамыс-Самар» ЖШС жетекшісі Ғайнолла Мирманов, ЖК «Saycom» жетекшісі Асхат Тлеубаев, ЖК «Көпжасар» жетекшісі Жақсылық Хамитов және колледж қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Іс-шара барысында жұмыс берушілер үшін колледж бойынша танысу экскурсиясы ұйымдастырылып, оқу кабинеттерімен, шеберханалар мен зертханалар, «Жас маман» бойынша құзіреттілік орталығымен таныстырылды. Одан соң студенттердің қатысуымен жұмыс берушілермен дөңгелек үстелі өтті. Колледж директоры Самат Жәнібекұлы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс беруші күні» іс-шарасын өткізу тұжырымдамасымен таныстырып өтті. Содан соң оқу ісі жөніндегі орынбасары Алмагүл Қадыржанова «Академиялық дербестік», аға шебер Қамидолла Тілеубергенов «Білім беру ісіндегі дуалды оқыту», Раушан Туманова «Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тағылымдамадан өтуі» тақырыбында баяндама оқыды. Аталмыш шара туралы Ғ.Мирманов және Г.Асханбаев пікір білідіріп, колледж студенттеріне экскурсия барысында көрсетілген құрылғыларды терең меңгеріп, жақсы маман болуға шақырды.
Жаңақала колледжімен білікті кадрлар қалыптастырудағы табысты ынтыақтастығы үшін Жақсылық Хамитовқа және Жансейіт Татеновке ҚР Оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтың алғысхаты табысталды.
Сондай-ақ колледж бен ЖК «Saycom» арасында әлеуметтік әріптестікті жалғастыру бағытында Асхат Талғатұлы мен Самат Жәнібекұлы меморандум мен келісімге қол қою рәсімін өткізді.
Нұргүл Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz