«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды
2 Қазан 2023

«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды
2 Қазан 2023

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды

Ақтөбеден жүлделі оралды
2 Қазан 2023

Ақтөбеден жүлделі оралды

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»
2 Қазан 2023

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?
2 Қазан 2023

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті
2 Қазан 2023

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті

Колледждегі ілкімді істер

Бөкей ордасы колледжінде «Кәсіптік-техникалық білім беру – келешек кепілі» атты жұмыс беруші күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Аталмыш жиынға тиісті мекеме басшылары мен қызметкерлері, шаруа қожалық жетекшілері және жеке кәсіпкерлер қатысты.

колледж1
Аталмыш жиын аудандық колледж асханасы және шеберханаларының жұмыстарымен танысумен басталды.
Колледж директоры Бағдат Лұқпановтың айтуынша қазіргі таңда аудандық колледж нарыққа шығу жолдарын қарастырып, наубайхана, автокөлік жөндеу және дәнекерлеу қызметтерін көрсетпек. Колледж шеберханалары керекті құралдармен жабдықталғаны байқалады.

колледж
Дөңгелек үстел барысында колледж шеберлері мен мұғалімдері атқарылған жұмыстарымен таныстырса, аудандық кәсіпкерлер палатасының филиалының директоры Бибігүл Жұмағұлова мен жұмыспен қамту орталығының маманы Медет Әнесов «Кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар», «Менің алғашқы жұмыс орным» атты жобалармен, басқа да тиімді бағдарламалармен таныстырып өтті.
Сонымен қатар Бибігүл Жұмағұлова Worldskills Kazahstan 2023 чемпионатында белсінділік танытқан үшін бірқатар колледж қызметкерлерін БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотовтың алғысхатымен марапаттады.
Жиын соңында «Маркетинг» мамандығы бойынша дуальды оқыту жүйесіне көшу мақсатында меморандумға қол қойылды.

Еркебұлан Рахметолла,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале