21.11.2022, 16:30
Оқылды: 39

Колледждегі «Жұмыс беруші күні»

Кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында колледжде «Жұмыс беруші күні» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Шыңғырлау колледжінің студенттері, әлеуметтік серіктестер, Шыңғырлау ауылдық округінің, «Атамекен» ҰКП  аудандық филиалының және БАҚ өкілдері қатысты.

22

Шара барысында жұмыс берушілер үшін колледждің материалдық-техникалық базасымен танысу мақсатында оқу кабинеттеріне, шеберхана мен зертханаларға, «Жас маман» жобасы бойынша оқу орталығына экскурсия ұйымдастырылды. «Дөңгелек үстел» отырысының күн тәртібіне сай колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Б.Рақымберлиев колледжде 2016 жылдан бастап дуалды оқыту жүйесі енгізілгендігі және қазіргі таңда «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, «Аспаз» біліктілігі бойынша «Измайлова», «Намиева С.Ю», «Жаркиева Ж.К» жеке кәсіпкерліктерімен келісім-шарт жасалып, дуалды оқыту жүйесі жүргізіліп келе  жатқандығы туралы ақпарат берсе, колледж директоры С.Жұмағұлов колледждің бәсекеге қабілетті, жоғары білікті кадрлар даярлаудағы ізденісі, әлеуметтік серіктестікті одан әрі дамыту туралы баяндады. Сонымен қатар, өндірістік оқыту шебері Ж.Куненова «Дуалды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, колледж директорының оқу жұмыс жөніндегі орынбасары Л.Нұрмұқанова кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік-құқықтық актілер және келісім-шарт жасасу тәртібі туралы ақпарат берді.
Отырыс соңында әлеуметтік әріптестікті нығайтуға өз үлестерін қосқаны үшін жеке кәсіпкерлер С.Намиеваға және Г.Измайловаға Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің алғыс хатымен марапатталып, жеке кәсіпкер Л.Хамиеваға, Ж.Айсиевке де Шыңғырлау  колледжі директорының алғысхаты табыс етілді.
Әлеуметтік серіктестікті одан әрі кеңейту мақсатында колледж басшылығы мен жеке кәсіпкерлер «Арман» (М.Наурзғалиев), «З.Исламбеков» (З.Исламбеков) арасында әлеуметтік ынтымақтастық туралы келісім-шарттарға салтанатты түрде қол қою рәсімі өткізілді.

Эльмира Багиджанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале