Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы – денсаулық. Шыңғырлау аудандық аурухана қызметкерлері ауылдық округтердегі елді мекендерге барып, медициналық тексерістер жүргізіп, азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан қойылған екпе алу, дәрігерге дейінгі тексеру, әйелдерді, ерлерді тексеру кабинеттерінен өту міндеттілігі, коронавирус пен тұмауға қарсы екпенің арасындағы уақыт туралы сұрақтарға жауап берді.
Гүлім Шынтас,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz