26.04.2023, 16:30
Оқылды: 42

Көмек көрсетілді

Еліміз әу бастан-ақ өзінің негізгі бағыттарын айқындап алған елдердің бірі. Ал еліміздің даму стратегиясында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қорғау басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылған.

IMG-20230426-WA0090

Әлеуметтік сала қоғам өмірінде басты рөл атқарады.

Қазіргі таңда қоғамның әлсіз тұсына баса көңіл бөлінуде.

Бұл орайда Теректі ауданы бойынша қолға алынған «Халықтың әлжуаз топтарын демеушілер тарапынан қолдау» бағдарлама аясында Магистральный ауылының тұрғыны, жалғызбасты ана Татьяна Черноваға көмек көрсетілді.

Соңғы жылдары өңіріміздегі түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, асыл қасиет — қайырымдылықты мақсат тұтқан жомарт жандардың қатары көбейіп келеді.

Солардың бірі — «Жайық-Құрылыс-Құм» ЖШС директоры Мүсілім Айджанов.

Осы кісінің демеушілігімен, Ақсуат ауылдық округінің әкімі Жаннұр Ахметовтың бастамасымен Татьяна Федоровнаға 20 балапан берілді.

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале