18.07.2024, 17:50
Оқылды: 175

Тасқалада комиссия отырысы өтті

Тасқала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті.

0111613E-E948-4A05-9DCD-5A1164E05B9A

Оған аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Саягүл Ғалиева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары Думан Ғазез, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы Жанжәбіл Демеуова, комиссия мүшелері және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жиынның мақсаты – ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық құндылықты нығайту және сақтауға өзіндік үлес қосу. Әйел-аналардың құқығын қорғайтын, олардың түйткілді мәселелерін шешуге ықпал ететін әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның арқалаған жүгі ауыр. Бұл – аудан әкімі жанындағы консультативтік кеңесші орган. Жергілікті нәзік жандылардың қызмет етіп, өсіп-өркендеуіне мүмкіндік жасалуына ықпал етіп, қоғамнан шетқақпай көрмеуі үшін жұмыс істейді. Комиссия отырысында үш мәселе қаралып, талқыланды.

Бірінші мәселе – округтердегі әйел-ананың қоғамдағы рөлін  арттыру бағытында және отбасылық-демографиялық саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша жоспардың орындалу барысы туралы Ақтау, Қазақстан, Шежін ауылдық округтерінің әкімдері Бауыржан Имашев, Эрнар Ибрагимов, Миржан Есқалиев баяндады.

Екінші мәселе бойынша ауданда әйелдерді кәсіпкерлікке тарту, оқыту, шағын несие беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету, жұмыспен қамту бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы аудандық мансап орталығының директоры Жәния Әбдірахманова ақпарат бөлісті.

Ал үшінші мәселе – аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері жөніндегі комиссияның I отырысында берілген хаттамалық тапсырмалардың  орындалуы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез есеп берді.

Одан әрі жиынға қатысқандар пікірін бөлісті. Қиын жағдайда жүрген отбасылар мен әйел-аналарға қалай көмектесу керектігі жайлы ойын ортаға салды. Жиында сөз алған комиссия төрағасы Саягүл Ғалиева тәрбиеге қатысты ұйымдастырылған әрбір іс-шараға баса назар аударып, олардың сапалы өтуін қадағалауды тапсырды. Келер келешегіміз бен ұрпақ тәрбиесіне пайдасы зор жиындардың алдағы уақытта да жиі өтуін мақұлдады игі іс-шараға қатысқандар.

Гүлмира Серікқалиқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале