29.03.2023, 16:46
Оқылды: 61

Комиссия отырысы өтті

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.

602550b9-7910-4394-b1a0-dba8dd9f2264

Басқосуға комиисия мүшелері қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Ең алдымен кәмелетке толмағандардың, оның ішінде есепте тұрған, қолайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан және өмірдің қиын жағдайына тап болған балалардың бос уақытын тиімді пайдалануы мақсатында ұйымдастырылған үйірмелер мен спорттық секциялардың жұмысы туралы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Орынбасар Ғилымов айтып берді.

Сондай-ақ сабақты жиі қалдыратын балаларды анықтау және оны қалыпқа келтіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар хақында аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Айжан Іспенбетова баяндады.

Отырыс барысында комиссия мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

 

Гүлзара Мәди 

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале