14.06.2022, 23:17
Оқылды: 46

Комиссия отырысы өтті

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия отырысы өтті. Аудан әкімі Дархан Закариннің төрағалығымен өткен комиссия отырысының күн тәртібінде үш мәселе қаралды. 

IMG_5791

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Сапаров Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды ғимараттарға кедергісіз кіріп шығулары үшін төрт санат бойынша қолжетімділікті жүзеге асыру жөнінде баяндама жасады. Келесі мәселе бойынша Жаңажол, Мәстексай, Жаңақала ауылдық округ әкімдері 2021-2025 жылдарға арналған «Аумақты дамыту бағдарламасының» іс-шаралар жоспарында «Жаңадан ашылған жұмыс орындары» нысаналы индикатор болып бекітілген жоспардың қазіргі уақытта орындау барысы туралы хабарлама жасады.

IMG_5793 (1)

Соңғы мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры А.Оразалиев аудан бойынша кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2022 жылдарға арналған жоспардың орындалуы туралы баяндады. Аталған мәселелер бойынша бөлім және мекеме басшылары атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы анықтап айтты.

IMG_5796

Р.Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале