14.12.2021, 18:28
Оқылды: 58

Комиссия отырысы Тау ауылында өтті

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы Тау ауылдық округінде өтті. Комиссия отырысының жұмыс жоспарына сай және аудандық полиция бөлімінен келіп түскен ұсыныс негізінде болған жиынға аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев төрағалық етті.

IMG-20211214-WA0030

Ең алғаш сөз алған аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Дархан Мендіғалиев үстіміздегі жылдың қараша айында Жәнібек-Тау тас жолы, Жұмаев елді мекені қатарында орын алған кәмелетке толмаған балалардың құқық бұзушылығына байланысты мәселені баяндап, мән-жайды жеткізді. Өз кезегінде құқық бұзған балалар оқитын Ғ.Абдуллин атындағы орта мектептің директоры Ренат Қарабалин Тау ауылдық округі бойынша кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында құқық бұзушылықты, қылмыстарды алдын алу, жағдайы төмен отбасылардағы кәмелетке толмағандармен мектеп, округ әкімдерінің жұмысы туралы баяндама жасады. Ренат Серікұлының баяндамасынан соң комиссия төрағасы, мүшелері қосымша сұрақтар қойып, орын алған келеңсіз жәйт хақында өзіндік пікірлерін ортаға салды.

Оқушыларға қатысты мәселе қаралып болған соң аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқу озаттарын әкім, президент шыршасына қатыстыру  туралы хабарламасымен таныстырды.

Жиын соңында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің жетекші маманы, аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысының хатшысы Мейірман Сейтеков аталмыш комиссияның 2021 жылы атқарған жұмыстарына шолу жасап, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Гүләсем Қуан,

Жәнібек ауданы,

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале