Жалпақтал ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті.
Мәжілістің күн тәртібінде төменде көрсетілген жеті мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібековтың хабараламасы тыңдалып, Жалпақтал округі бойынша аз қамтылған, тұрмысы нашар отбасыларында тәрбиеленіп жатқан, панасыз-қараусыз қалған кәмелетке толмаған балалармен атқарылған жұмыстарды тыңдау және өмірлік қиын жағдайдағы балаларды анықтау, есепке алу және олармен атқарылған жұмыстар есебі қаралса, одан кейінгі мәселеде Жалпақтал полиция бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Гүлдара Жалелованың хабарламасынан кейін Жалпақтал полиция бөлімінен түскен Жалпақтал ауылының тұрғыны М-ның қамқоршылығындағы жасы кәмелетке толмаған баланың жағдайы бойынша және Жалпақтал полиция бөлімінен түскен Жалпақтал ауылының тұрғыны А-ның құқықбұзушылық әрекеттері мен аналық құқығынан айыру туралы іс-материалдары қаралып, сәйкесінше қаулы қабылданды. Күн тәртібіндегі келесі мәселеде Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі директорының өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Дәурен Оразаевтың хабарламасы тыңдалып, Жалпақтал колледжінің кәмелетке толмаған жасөспірімдермен атқарылған жұмыстары туралы тиісті шешім қабылданса, одан кейін аудандық білім беру бөлімі, аудандық полиция бөлімінің бас маманы Айжан Жағыпарованың хабарламасы тыңдалып, шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды тасымалдау жұмыстары мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру жөніндегі өңірлік картасының орындалуы жайлы атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі тағы бір өзекті мәселе жөнінде аудандық «Айбын» спорт клубы директорының міндетін уақытша атқарушы Асхат Нұржановтың хабарламасы да тыңдалып, нашақорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдандыруды үйрету мақсатында оларды спорт үйірмелерге тарту бойынша қолданатын іс-шаралары туралы мәселелерді қарап, комиссия мүшелері сәйкесінше қаулы қабылдады.
Комиссия жұмысы алда да өз жұмысын аудан бойынша жүйелі түрде жалғастыра беретін болады.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz