27.05.2023, 12:24
Оқылды: 22

Комитет төрағасы келді

Облысымыздың оңтүстік аудандарына ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин арнайы келді.

жол
Республикалық маңызы бар жолдардың құрылыс барысымен танысқан комитет төрағасы медігерлердің жоспарлары мен қажетті құрылыс материалдар тізімімен танысты.
Біздің ауданға қатысты Өнеге-Бисен-Сайқын тас жол құрылысына жауапты «Атырау жолдары» және «Ақ Жол құрылыс» ЖШС уәкілдері өз кезегінде темір жол арқылы қиыршық тас тасымалдаудың қиындығын айтты.
Медігерлердің айтуынша, тасымалдау бағасы күннен-күнге көтеріліп жатса, оңтүстікте жұмыстанып жатырған компанияларға не бары 100 ден астам вагон қызметін көрсетуде екен.
Дегенмен, сол медігерлердің айтуынша ағымдағы жылы тас жолының бірінші қабаты төселіп, толықтай қолданысқа берілмек.

Еркебұлан Рахметолла,
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале