24.05.2021, 16:43
Оқылды: 103

Көне жәдігерлер мекені

 Шыңғырлау аудандық тарихи-өлкетану мұражайы 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арқасында қолға алынып, аудан орталығынан қонақтарға өз есігін ашты. Оған дейін мұражай мектеп қабырғасында ғана жұмыс жасаған болатын. Бұл мұражай еліміздің, жеріміздің тарихын зерттеуде, оқушыларды ғана емес, аудан тұрғындарын отаншылдыққа тәрбиелеуге септігі зор, өткен мен бүгінді ұштастыратын мекеме. Мұражайдың осы күнге дейін ұйымдастырған шаралары аз емес. Мысалы, ұжым бастамасымен аймақтық Асан Қайғы конференциясы өткізілді.

05BCED00-BF86-423B-9486-725B81276937

Оған Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал қалаларының ғалымдары қатысып, шараға белсене атсалысты. Сонымен қатар Сегізсай қорымдарында өткізілген қазба жұмыстары жайында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. «Осындай іс-шаралардың барлығы елдің тарихын жинақтауда, насихат етуде үлкен әсерін тигізіп жатыр»,- дейді аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Тілеген Қалиев.

  Сонымен қатар музей қызметкерлерінің тыңғылықты еңбегінің арқасында құлпытастарды зерттеуде үлкен жұмыс атқарылуда. Кезіндегі діни сауаты болған молдалар, арқалы адамдар өмірі туралы халық арасында тараған аңыз-әңгімелерді де жинақтап, көне заманғы фольклорды жаңғырту жоспарға алынған.

883433FA-7A41-4408-BECF-05AF9BE900DF

  Музейдің нәтижелі жұмысының арқасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітаптар шықты. Респубикалық және жергілікті деңгейдегі сокралды нысандар тақырыбында шығарылған кітапқа аудандық мұражайдың көмегімен республикалық кітапқа 1 объект, аймақтық кітапқа 5 объект енгізілген. Мұның барлығы мұражай ұжымының еңбекқорлығының және құлшынысының арқасы деп білеміз.

  Сонымен қатар айта кетерлік жайт, ауданымызда табылған құнды жәдігерлердің көбі Қазақстан бойынша орналасқан түрлі мұражайларда орналасқан. Аудандық мұражайда сақталмағаны өкінішті, әрине, дегенмен барлық жәдігерлер біздің ауданымызға ғана емес, елімізге ортақ жәдігерлер болып табылғандықтан мүддеміз бір деп білеміз. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында ауданымыздан табылған 64 күміс сақталып отыр. Ал Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайында Сегізсай қорымынан табылған алтындар сақталған»,-дейді Тілеген Кенжетайұлы.

F119A5E3-8929-42B0-9262-2A606E9047A4

 Ауданымыздың табиғи мұраларын, діни ескерткіштерін, фольклоры мен әдеп-ғұрыптарын зерттеуде үлкен іс атқарып жүрген аудандық тарихи-өлкетану музейі ауданымыздың мәдени дамуына үлкен үлесін қосып отыр. Егер үйіңізде ата-бабаларыңыздан қалған көне жәдігерлеріңіз болса және оны елге аманат ретінде қалдырамын десеңіз музей есігі халық үшін әрдайым ашық.

 Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале