21.07.2023, 12:45
Оқылды: 28

Көңілді лагерь аяқталды

Бүгін Жаңақала ауданындағы рухани орталықта аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Кемеңгер балалар – 2» жазғы демалыс лагерінің жабылу салтанаты өтті.

image-21-07-23-12-32-6

Жазғы демалыс лагері шілденің 11-21 күндері оқырмандардың уақытын тиімді және салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған лагерьде 90-нан астам бала қамтылды.

image-21-07-23-12-32-2

 Сонымен қатар балалардың демалысы мектептен тыс жұмыс орталығымен тығыз байланыста жүзеге асқан. Алдымен аталмыш мекеменің директоры Дина Мұқашева сөз сөйлеп, лагерьге қатысушы балаларға алғысын білдірді. Әрі қарай бүлдіршіндер әсем ән шырқап, бимен көркемдеді. Сондай-ақ бір топ балғын «Бауырсақ» ертегісін тарту етті.

image-21-07-23-12-32-1

 Шара соңында кітапхана директоры Д.Даниярқызы белсене қатысқан бүлдіршіндерге алғыс хат пен сыйлықтар табыстады. Ал балалар болса «Бауыр керек» әнін қосыла шырқап, бір-бірімен қимай қоштасты.

Жанна Миха,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале