20.11.2022, 12:16
Оқылды: 38

Көпбалалы ана дауыс берді

Казталов ауданы орталығындағы №220 сайлау учаскесінде көпбалалы ана Гүлжанат Кушенова дауыс берді. Өзінің балаларымен бірге сайлау учаскесіне келген ана бүгінгі ұрпағым, елдің ертеңі деген сеніммен өз таңдауымды жасадым деген пікірін білдірді. 

IMG-20221120-WA0158

- Сайлауға келген сайын мен өз үнімнің естіліп, дауысымның маңызға ие болатынына қуанамын. Мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға қолдау артып келеді. Менің балаларым ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азаматтар мен азаматшалар. Мен оларды сапалы білім алып, елге қызмет етуге тәрбиелеп жатырмын. Сол үшін бүгінгі сайлауға арнайы әкеліп, балаларыммен бірге дауыс бердім. Еліміз дамып, болашағымыз жарқын болатынына сенемін!, - деді көпбалалы ана.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале