22.06.2023, 16:45
Оқылды: 22

Көпбалалы аналар марапатталды

Елiмiздiң жоғарғы марапат белгiсi «Алтын алқамен» 7 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана Бақытгүл Айсағұлова награтталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 24 мамырдағы №232 Жарлығы бойынша батыр анаға бұл марапатты Бөрлі ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Нұрмақов табыстады.

355067318_793471155745435_3561406433216158
Бақытгүл Серікқызы бала күтімі мен үй шаруасымен айналысып қоймай, Ақсай қаласындағы №3 «Гүлдер» бөбекжайының әдіскері болып жұмыс жасайды. Қазіргі таңда балаларын мейірімді, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеп отырған ана.

Көп баланы дүниеге әкеліп, еліміздің демографиясына үлес қосқан отбасылар саны ауданымызда артып келеді. Салтанатты шарада Мұхтар Нұрмақов үш ана - Сағадат Болғамбаева, Мария Олейникова және Жангүл Шалабаеваларды «Күміс алқа» алқасымен наградтады.
Үш анада алты баланы тәрбиелеп отыр. Балаларының алды түрлі салада еңбек етіп, студент атанса, кішкенайлары мектеп жасына дейінгі жаста.
Өз сөзінде Мұхтар Нұрмақов ұрпағының санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқан ақжаулықты аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
- Ел аузында «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген сөз бар. Сондықтан аналар әр үйдің берекесі, ұйытқысы.
Біздің Конституция бойынша мемлекеттің ең басты құндылығы адам және оның өмірі болса, сол адамға өмір сыйлайтын — аналар. Дені сау ұрпақты дүниеге әкелетін, болашақ еліміздің патриоттарын тәрбиелейтін сіздер, аналар аман болыңыздар! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді ол.

355130102_1480588836102746_739810451651857
Салтанатты шарадан соң, алтын құрсақты аналар аудан басшылығына алғыстарын білдіріп, ел тыныштығын тіледі.

Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале