Бәйтерек ауданының орталығына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айбек Паяев жұмыс сапарымен келді. Мәдениет саласы қызметкерлерімен кездескен халық қалаулысы алдағы саяси науқанның маңыздылығына тоқталды.
ҚР Президентінің Ата Заңға енгізілу көзделіп отырған өзгерістерді бүкіл халықтың талқысына шығаруы - ел болып қолдауға лайықты іс. Халқымен ақылдасатын биліктің аты озатыны аян. Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамы референдумнан басталғалы отыр. Осыдан-ақ әрбір қазақстандықтың пікірі маңызды екенін аңғаруға болады,- деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айбек Паяев.
Жиынға қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, референдумды қолдайтындықтарын жеткізді.
Cәкен Мұратұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz