31.05.2022, 19:56
Оқылды: 50

Көппен ақылдасқан озады

  Бәйтерек ауданының орталығына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айбек Паяев жұмыс сапарымен келді. Мәдениет саласы қызметкерлерімен кездескен халық қалаулысы алдағы саяси науқанның маңыздылығына тоқталды.

депутат 1

ҚР Президентінің Ата Заңға енгізілу көзделіп отырған өзгерістерді бүкіл халықтың талқысына  шығаруы -  ел болып қолдауға лайықты іс. Халқымен ақылдасатын биліктің аты озатыны аян. Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамы референдумнан басталғалы отыр. Осыдан-ақ әрбір қазақстандықтың пікірі маңызды екенін аңғаруға болады,- деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айбек Паяев.

депутат 2

Жиынға қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, референдумды қолдайтындықтарын жеткізді.

Cәкен Мұратұлы,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале