Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай Шыңғырлау ауданы орталығында көпшілік жүгіру «Шыңғырлау -2021» марафоны өтті.
Марафонға қатысушыларды Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары А.Бисембаев құттықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша, 3 шақырымдық қашықтықта А. Рудь І орынды қанжығасына байласа, А.Саргенжиева ІІ орынға лайық деп танылды. Ал, С.Шинасилова ІІІ орынды иеленді. "Жеңіске деген жігері" аталымымен Қ.Утебаева марапатталды.
7 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өткен ерлер арасынан М. Мендалиев І орын, М.Джумашев ІІ орын, Р.Ибрашев ІІІ орындарды өзара бөлісті.
Сондай-ақ, "Жеңіске деген жігері" аталымына Ж.Айтуаров ие болды. Жеңімпаздарға медальдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Б.Баймағамбетова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz