1.12.2021, 19:39
Оқылды: 133

Көпшілік жүгіру «Шыңғырлау-2021» марафоны өтті

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай Шыңғырлау ауданы орталығында көпшілік жүгіру «Шыңғырлау -2021» марафоны өтті.

34

Марафонға қатысушыларды Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары А.Бисембаев  құттықтады.

35

Жарыс  қорытындысы бойынша, 3 шақырымдық қашықтықта А. Рудь І орынды қанжығасына байласа, А.Саргенжиева ІІ орынға лайық деп танылды. Ал, С.Шинасилова ІІІ орынды иеленді. "Жеңіске деген жігері" аталымымен Қ.Утебаева марапатталды. 

28

7 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өткен ерлер арасынан М. Мендалиев І орын, М.Джумашев ІІ орын,  Р.Ибрашев ІІІ орындарды өзара бөлісті.

27

Сондай-ақ, "Жеңіске деген жігері" аталымына  Ж.Айтуаров ие болды. Жеңімпаздарға медальдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале