1.05.2024, 20:36
Оқылды: 58

Көпжасар ауылында тасаттық берілді 

Құрғақшылыққа байланысты құрбан шалынатын "тасаттық" деп аталатын діни рәсім қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде маңызды орын алады. Өткенімізге көз жүгіртсек, құрғақшылық төнген кезде көпшілік қауым жиналып, Жаратушыдан жаңбыр сұрап, сауабын аруақтарға бағыштап, құран аяттары оқылады. Осы бағытта жылдағы қалыптасқан үрдіс Жаңақала ауданы Көпжасар ауылдық округінде жалғасын тауып, 1970 жылы туылған азаматтардың ұйымдастыруымен тасаттық садақасы берілді.

image-01-05-24-03-29-4

Жергілікті тұрғындар ауыл қорымы маңында өткізілген құрбан шалу рәсіміне бір кісідей жиналып, ауыл молдасы Ержан Балғазиев дастархан басындағы жамағатпен бірге құран аяттарын оқып, дұға тіледі. Одан әрі ауыл әкімі Нұрбол Бектілеу жылдағы дәстүр бойынша ауызбіршілікпен ұйымдасып, Қазақстанның бірлігі күнінде игілікті істі жалғастырған 1970 жылғы азаматтарға алғысын білдірді.

image-01-05-24-03-29-3

Өз кезегінде сөз алған ауыл ақсақалдары ризашылықтарын айта келе, ел-жұртымыз табиғи апаттардан аулақ болып, мал мен жанның амандығын сұраған бата тілектерін жеткізді.

Зара Жардемова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале