5.02.2025, 23:00
Оқылды: 82

Көпжасарлық мерейтой иесіне құрмет көрсетілді

Бүгін Көпжасар ауылының тұрғыны Марс Сабированың зейнетке шығуына орай округ әкімі Нұрбол Серікұлы арнайы қабылдау өткізді. Мерейтой иесіне жылы лебізін жолдап, атқарған адал еңбегі үшін алғысын білдірді.

photo-output

Өмір жолында еш қиындыққа мойымай, жұмыстың ауыр-жеңілін таңдамай қызмет қылған Марс Мұратқызының еңбегі елеулі. Қыстың суығы мен жаздың ыстығында ауыл ішін абаттандыруда, тазалығын сақтауда үлесі зор. Көпшіліктің назарына көп іліге бермейтін бұл жұмыс түрінің қоғамда орны аса маңызды.

Фариза Махамбетова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале