Шыңғырлау ауданында 14 наурыз Көрісу күні аудан өнерпаздары көшелерді аралады.
Аудан орталығындағы әр түрлі мекемеге соғып, шуақты көктемнің шұғылалы мейрамымен құттықтады.
Шағын мерекелік бағдарламалары мен дәмдерін ұсынып, халықтың ризашылығын алды.
Аудандық мәдениет үйінен басталған «Наурыз керуен» ең алдымен «Қазпочта» алдына тоқтап, мерекелік тартуларын арнады.
Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев жиылған жұртқа көрісіп, мейраммен құттықтады.
«Көрісу айт келді» деп жар салған көштің үлкені бата беріп, кейін күмбірлеген күй тартылып, әсем әндер орындалды.
Салтанатты керуен бұдан кейін алты мекемеге тоқтап, сапарын ауылдық «Дән» мәдениет үйінде аяқтады.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz