«Атамекен» өнер ордасында Тұңғыш Президент күніне орай концерт өтті
30 Қараша 2021

«Атамекен» өнер ордасында Тұңғыш Президент күніне орай концерт өтті

БҚО-да 620 адам ревакцинациядан өтті
30 Қараша 2021

БҚО-да 620 адам ревакцинациядан өтті

Теректі ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті
30 Қараша 2021

Теректі ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті

Қазақстанда ірі және ұсақ малды, картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салынды
30 Қараша 2021

Қазақстанда ірі және ұсақ малды, картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салынды

«Тәуелсіздік – ел тілегі, ал Елбасы – ел тірегі»
30 Қараша 2021

«Тәуелсіздік – ел тілегі, ал Елбасы – ел тірегі»

Елімізде 62 мыңнан астам бала вакцина алды
30 Қараша 2021

Елімізде 62 мыңнан астам бала вакцина алды

Көркемсөз оқудан сайыс өтті

Бүгін Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында көркемсөз оқу байқауы өтті.

1

Оқушылар арасында өткізілген байқау ана тіліміздің қолданылу деңгейін жоғарылатып, жастар арасында тіліміздің мәртебесін арттырумен қатар өскелең ұрпаққа рухани байлықты дәріптеуге арналды. Ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре білу, олардың эстетикалық сана-түйсігінің қалыптасуына әсер етумен қатар жоғары сыныптар арасында шығармашылық қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуға жол ашады.

2

Көркемсөз оқуға құмар жеткіншектер арасындағы байқау үш кезеңнен тұрды. Байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылар тіл туралы тақырыпта 8-10 шумақтан өлеңді жатқа айтса, келесі кезеңде Абай Кұнанбаевтың қара сөзін билет арқылы таңдап, қысқаша талдау жасады. Ал соңғы үшінші кезеңде ұяшықта жасырылған сөздерден қазақ тіліне байланысты өлең шумақтарын құрастырып айту болды.

3

Байқау нәтижесінде I орынды Қаратөбе мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Аяулым Қизатова иеленсе, II орынды Егіндікөл орта мектебінің 10-сынып оқушысы Келбет Құттыбаева еншіледі. Ал III орынды Мұхит атындағы орта мектебенің 11-сынып оқушысы Фатима Аманбай иеленді. Көркемсөз байқауына қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Сайысқа қатысып орын алған оқушылардың жетекшілері де алхыс хаттармен марапатталды.

 

Халила Мұхтарқызы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале