28.06.2017, 15:53
Оқылды: 47

Көрмені бөрліліктер де қызықтайды

astana-expo-2017«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін  көруге бөрліліктер де қызығушылық танытуда. Аудан бойынша тарихи көрмеге 1401 адам барып, көруге ниетті.


Астана төріндегі тарихи шараға өңірдегі 49 студент те куә болмақ. Бұл көрмені көруге аудан мектептерінің 600 оқушысы барады. Олардың барлығы да оқуда озат оқушылар. Бұл бастама білімді балалардың әрі қарай жақсы оқуына сеп болады дейді мамандар. Озат оқушыларды қолдау мақсатында қолға алынға игі іске жергілікті бюджет есебінен 27 млн. теңге қаражат бөлінген. Оқушылардың 26 шілде мен 10 тамыз аралығында тек көрмені емес, Астана қаласын да аралап көруге мүмкіндіктері бар.

Көрмені көруге аудан дамуына сүбелі үлес қосқан 68 зейнеткер  мен 20 мүмкіндігі шеутеулі жан да аттанбақ.   Аталған көрмені тамашалау үшін аудан бойыншы оқушылар, зейнеткерлер мен мүгедектерге жергілікті бюджеттен 31 млн. 657 мың теңге бөлініп отыр.  Ал студенттер, мемлекеттік және басқа да сала қызметкерлері өз қаражаты есебінен барады.  Мамыр айынан бастап аталған көрмені көруге ниет білдірген тұрғындар теміржол вокзалы кассасынан 80  билет, ал аудандық Қазпошта торабынан 10 билет сатып алған.

Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале