Ақжайық ауданының Сарытоғай ауылдық округінің көркемөнерпаздары мен көршілес Атырау ауылдарындағы өнер ұжымдары арасында тығыз байланысты жолға қойылған. Сондықтан олардың бір-біріне сапарлауы дәстүрге еніп келеді.
Кеше Атыраудың Индер ауданының Елтай ауылындағы Мәдениет үйінің директоры Бауыржан Ғабдысаматов бастаған «Жалын» және «Назқоңыр» вокальды-аспаптар ансамблдері Сарытоғай сахнасында өнер көрсетті. Облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері Мұратбек Жұмашев, Жұлдыз Мұхамбетов, өнерімен өрге жүзген және басқалар әуелеткен әндер тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Елтайлықтардың халық әлі күнге сүйіп тыңдайтын сонау 70-80-ші жылдардағы қазақ, орыс эстрадалық әндерін шырқағаны үшін де сарытоғайлықтар қошеметпен қол соқты.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы