25.07.2021, 18:56
Оқылды: 16

Қос елді мекендегі сайлау 

Таңғы сағат 7.00-ден бастау алған Сырым ауданы Қоңыр ауылындағы №308 сайлау учаскесінде тұрғындар белсенділік танытып, дауыс беруде. Ауыл әкімін анықтауға асыққан жергілікті жұртшылық таңдауды өздері жасап, бұл шешімнің оң болғанын жеткізеді.

C8593FA3-2074-49B6-BBDF-24A92F18F97B

"Қазақстан Халық партиясынан" Қоңыр ауылдық округі әкіміне үміткер Боранбай Сағидулиннің сенім білдірген өкілі Төлеген Ғұмашев болса, "Nur Otan" партиясынан үміткер болып отырған Батырғали Иманкуловтың сенімді өкілі Серікқали Ихсанов.

531A6E2D-AB32-4DDC-BA1D-95D070FADAED

Одан бөлек, №309 сайлау учаскесінде Қоңыр ауылына қарасты Тамды елді мекенінің тұрғындары да сайлауға белсене қатысты. Тұрғындардың көп бөлігі түске дейін таңдау жасап үлгеріпті. Қос сайлау учаскелерінде сайлау толықтай әділ әрі эпидемиологиялық талаптарға сай өтті.

Батырбек Жанболатов,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале