Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасын қолдау мақсатында Сырым ауданы Сырым мектебінің 1998 жылғы түлектері Қосарал ауылына су жаңа хоккей қорабын салып берді.
Маусымдық спорт нысанының құрылысына қажетті қаржыны 1981 жылы туған ауыл азаматтары бөліп, құрылысында өздері жүргізген.
-Жаңа мұз айдыны балалар мен жастардың ғана емес, жалпы ауылдағы салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың жиі уақыт өткізетін орынына айналды. Нысанның құрылысынан бөлек, Арман Едігин, Нұрхат Хамидуллин сынды азаматтар хоккейге арналған 10 дана таяқ пен 10 коньки алып берсе, Саттар Сұлтанғалиев қақпаға арнайы тор сыйлады,- дейді «Қайсар» спорт клубының Жетікөл ауылдық округі бойынша әдіскері Нұрболат Сүйіншәлиев.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер